Атырау, 4 мамыр 22:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Хакерлер Каспийдегі мұнай жобасының операторы NCOC компаниясына шабуыл жасады

3 829 просмотра


12 мамырда шамамен сағат 16.00-да Қашаған жобасының операторы NCOC компаниясының серверлеріне кибер-шабуыл жасалды.

NCOC-тегі дереккөздер хабарлағандай, ICT/IM департаменті шабуылға қарсы дер кезінде әрекет ете алмай қалған. Қазір олардың бүкіл корпоративтік серверлері мен компьютерлері істен шыққан. Компания кеңсесінің қызметкерлері компьютерлердің коматозды күйде екенін: операциялық жүйедегі жүйе қателігі туралы хабарлама шығып, «экрандарының көк болып тұрғанын» айтады.

NCOC баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады.

- Иә, біз бүгін жаппай кибер шабуылға ұшырадық. Алдын алу шарасы ретінде бүкіл поштаны, тораптар мен корпоративтік компьютерлерді ажыратып тастауға тура келді. Қашаған мен Қарабатандағы «Болашақ» зауытының жұмысына бұл әсер еткен жоқ, барлығы штаттық режимде жұмыс жасауда, - деп хабарлады NCOC-тің БАҚ-пен байланыс жөніндегі кеңесшісі Айнаш ШЕҢГЕЛБАЕВА

ІТ-қауіпсіздігі жөніндегі бір маманның айтуынша, әдетте ірі компанияларға мұндай хакерлік шабуылдар болып тұрады екен. Олар SCADA (Supervisory Control And Data Acquisition) бақылау жүйесінің осал шлюздерді тауып алады. Қысқаша айтқанда,  диспетчерлік басқару арқылы дерекқорға кіріп, бүкіл жүйені істен шығарады.

Мұнай компанияларының сыни инфрақұрылымдарына (кәсіпорындар, мекемелер, басқару, байланыс жүйелері және т.б. жиынтығын осылай атайды) шабуыл жасау жиі орын алып тұрады.

2012 жылы ірі мұнай компаниясы Saudi Aramco өз кеңсесіне жасалған шабуылдың құрбаны болған, нәтижесінде хакерлер бүкіл компьютердің ішіндегілерді жойып тастаған.

Дүние жүзіндегі екінші сұйытылған табиғи газ шығарушы катарлық RamGas компаниясына да сол зиян келтіретін бағдарламамен шабуыл жасалған. Бірнеше күн бойына ішкі корпоративтік торап пен компанияның веб-сайты жұмыс жасамаған.

2014 жылы Германиядағы ірі металлургия зауыты осындай шабуылдың құрбаны болған. Әлеуметтік инженерияны пайдаланған хакерлер қызметкерлердің бірінің компьютерінен кіру мүмкіндігін алып, ол арқылы басқару жүйесінің ішкі торабына кіріп, кәсіпорынға үлкен зиян келтірген.

Азамат МАЙТАНОВ

13 мамыр 2017, 11:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.

Комментарий беру ажыратылған