Атырау, 27 қараша 13:44
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Жүзік ұрлаушылар камераға түсіп қалған

3 899 просмотра


Атырау криминалдық полициясының қызметкерлері кезекші тәуліктерде Сәтпаев даңғылы бойындағы зергерлік бұйымдар дүкенінен неке жүзіктерін ұрлау қылмысын ашты.

10 мамырда шамамен сағат 15-те облыс орталығының тұрғыны - 26 жастағы әйел адам 5 жасар ұлымен және 27 жастағы ағасымен дүкенге кіреді. Сатушы тағы бір сатушыға алаңдап кеткен кезде, әлгі үшеуі неке жүзіктері қойылған витринаға жақындайды. Ересектер витрина әйнегін көтеріп ашып, жүзіктер тізілген жайманы өздерімен бірге алып кетеді. Бұл бақылау камерасына жазылып қалған. Ал сатушы бұйымдардың жоғалғанын тек кешкі сағат 19-да байқап, полиция шақырады.

Жедел-іздестіру шаралары барысында ұрылардың жеке басы анықталды. Олар Нұрсая ықшамауданының тұрғындары, кезіндегі мектеп-интернаттың түлектері екен. Ұсталушылардан 11 жүзік алынды (олар 3-уін ломбардқа тапсырып үлгерген, тағы 3-уінің қайда екені анықталуда). ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-тармағының 1-тармақшасы («Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған ұрлық») бойынша тергеу жүргізілуде. Ұсталушылар басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды. 

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

12 мамыр 2017, 17:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.