АҚШ президенті Дональд Трамп Twitter-де Украина және Ресей сыртқы істер министрлерімен жеке жеке кездесуінде түскен суреттерін жариялап, Мәскеу мен Киевті қақтығысты тоқтатуға және "бітім жасасуға" шақырды.
"Кеше, бір күнде мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен және Украина сыртқы істер министрі Павел Климкинмен кездестім" деп жазды Трамп Twitter-де жариялаған суретінің астына. Суретте Трамп жұмыс кабинетінде Лавровпен және Климкинмен өткен кездесуінде жымиып тұр. "Бейбітшілік орнатайық" деп жазған Трамп суреттің астына.
Сурет Трамп 10 мамырда Вашингтонға мемлекеттік хатшы Рекс Тиллерсонмен кездесуге барған Лавровпен асығыс кездескен соң алдын ала хабарламастан Климкинмен де кездескенін растайды.
Ресей 2014 жылы көктемде Қырым түбегін аннексиялап алып, Украинаның шығысындағы сепаратистерге қолдау көрсете бастаған соң Украинамен жанжалдасып қалған. Ресейдің басқыншылығына жауап ретінде Еуропа Одағы мен АҚШ Мәскеуге қарсы санкциялар салған және Трамп әкімшілігі бұл санкциялар Ресей 2015 жылы жасалған Минск бейбіт келісімінің шарттарын орындамайынша жойылмайтынын мәлімдеген. Трамп сайлауалды кампаниясында берген Ресеймен қарым-қатынасты жақсарту туралы уәдесін орындауға тырысып келеді.
Дереккөз: Азаттық