Атырау, 19 мамыр 06:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Әлем елдерінің 2017 жылғы әскери рейтингі жарияланды

1 977 просмотра


Оңтүстік Кореяның «Yonhap» агенттігі 11 мамыр күні жариялаған хабарында, сол күні 2017 жылдағы Ғаламдық әскери рейтингі (GFP) жария етілді. 

Рейтингінің тізімін де Оңтүстік Корея 11-ші орынға жайғасып, былтырғымен ұқсас орынды сақтап қалған. Аталған рейтингі сараптамасы елдердің халық саны, теңіз және әуе жауынгерлік қабілеті, ресурстар, қорғаныс бюджеті және өзге де әскери қуатқа әсер ететін 50 факторды негіз етіп жасалған. Тізімдегі бірінші орынды АҚШ сақтап келеді. Ресей екінші орында жайғасқан. Одан кейінгі орындарда Қытай мен Үндістан, сосын Еуропа елдерімен жалғасып жетінші орынды Жапония иелеген. Солтүстік Корея былтырғымен салыстырғанда екі мемлекетті артқа тастап, тізімдегі 23-ші орынға көтерілген. 

Бұдан басқа, Стокгольм Халықаралық Бейбітшілік зерттеу институтының (SIPRI) өткен айдың соңында жариялаған «2016 жылдағы Дүниежүзілік әскери шығыстар» атты сараптамасы бойынша Оңтүстік Кореяны әскери істерге арнаған шығыны $ 36,777 млрд болып, әлем елдер сабында 10-ші орында тұр. Қорғаныс бюджеті бойынша АҚШ пен Қытай алдынғы бірінші және екінші орында. 

Дереккөз:  qazaqtimes.com 


12 мамыр 2017, 10:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.