Атырау, 28 қараша 03:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Санкт-Петербургтегі жарылысқа қатысты ұсталған үш адамға айып тағылды

1 849 просмотра


Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы метрода болған жарылыс туралы іс бойынша ұсталған үш адамға «теракт» және «заңсыз жарылғыш зат сақтау» айыптары тағылған. Бұл туралы бүгін Ресей тергеу комитеті таратқан баспасөз хабарламасында айтылған.

Тергеу комитетінің дерегінше, бұл іске қатысы бар деген күдікпен он адам ұсталған, жақында өзгелеріне де айып тағылмақ.

Сәуірдің 3-і күні Санкт-Петербург метросында болған жарылыс салдарынан қаза тапқан 16 адамның бірі – «теракт жасаған» деген күдікке іліккен Қырғызстан тумасы, Ресей азаматы Акбаржон Жалилов. Санкт-Петербург университетінде білім алып жүрген Қазақстан азаматы Максим Арышев жарылыс құрбаны болған.

Ресей федералдық қауіпсіздік қызметі шабуылды дайындауға қатысы бар деген күдікпен Орталық Азиядан барған бірнеше адам ұсталғаны туралы мәлімдеген. Тұтқындалғандар арасында жарылысты ұйымдастырушы ретінде күдікке іліккен Аброр Азимов та бар. Сәуір айының соңында террорлық іс-қимылдарды зерттейтін SITE Intelligence Group тобы Санкт-Петербургтегі терактіге жауапкершілікті «Әл-Қаида» террорлық ұйымымен байланысы бар «Имам Шәміл батальоны» экстремистік тобы өзіне алғаны және тағы да шабуылдар жасайтыны туралы мәлімдегенін хабарлаған.

Дереккөз: Азаттық

11 мамыр 2017, 17:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.