Ақ үйдің мәлімдеуінше, Пенс Климкинмен Дональд Трамп Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен келіссөз өткізіп жатқанда кездескен.
Пенс келіссөзде АҚШ Украинаның "территориялық тұтастығын" қолдайтынын айтып, Киевті Украинаның шығысындағы Ресей қолдайтын сепаратистермен қақтығысты "бейбіт түрде шешуге" шақырған.
Украина шығысындағы қақтығыс Ресей Қырым түбегін аннексиялап алған уақытта басталған. Қақтығыстан осы кезге дейін 10 мыңға тарта адам қаза тапты.
Трамп Лавровпен сайлауалды кампаниясында Ресеймен қарым-қатынасты жақсарту туралы уәдесін орындау үшін кездесіп отыр. Ал Пенстің Климкинмен кездесуі Киевті Вашингтон Мәскеумен қарым-қатынасын Украинаның мүддесіне нұқсан келтіру есебінен жақсартпайтынына сендіруді көздейді.
Дереккөз: Азаттық