ОСК ресми сайтында жарияланған мәліметтерде Оңтүстік Кореяның Демократиялық партиясының атынан қатысқан 64 жасар Мун Чже Инге 13,4 миллион сайлаушылар дауыс бергендігі көрсетілген.
Ал консервативті еркін Корея партиясынының өкілі Хон Чжун Пхе – 24,03 пайыз, Халық партиясынан сайланған Ан Чхоль Су – 21,41 пайыз дауыс жинаған болатын.
Кезектен тыс президент сайлауы Оңтүстік Кореяның экс-президенті Пак Кын Хенің жемқорлыққа байланысты дауыға ілігіп, биліктен аластатылғандығынан өткізіліп отыр.
Дереккөз: qazaqtimes.com