Атырау, 27 қараша 13:44
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Құлсарылықтар термомодернизациядан бас тартты

Сурет
4 791 просмотра

Құлсары қаласындағы көпқабатты үйлердің тұрғындары термомодернизацияға қарсы. Олар жертөлелер мен подъездерді және шатырларды қалпына келтіру мүмкін емес деп есептейді.

- Қалада әлі бірде-бір үй термомодернизация жүргізуге келісім бермей отыр. Бұл іс осы себепті тоқтап тұр, - дейді Құлсары қаласының әкімі Шәкір КЕЙКИН. - Тұрғындар тарапынан үйлердің төбесінен су ағатынына қатысты шағымдар көп түсуде. Жекеменшік үйлерге бюджеттен қаражат қаралмаған. Ал сырт келбеті мен подьездері азып-тозып жатқан үйлер термомодернизацияға сұранып тұр. Әзірге үй иелері жүз пайыз келісімдерін бермейінше модернизациялауға жатпайды.

Құлсары қаласында ең алғаш салынған үйлерге бүгінде 57 жыл болған.



Бүгінде қалада көпқабатты 223 үй бар, соның біреуі, яғни Махамбет даңғылындағы №27 үй тәуелсіз сараптама қорытындысы бойынша апатты деп танылған. Қалған үйлер қалыпты жағдайда. Қазір бұл үйлерге «Таза қала», «Нұрлы баспана», «Ізгі бастау» ПИК-тері қызмет көрсетеді.

- Менің қарамағымда 4 мыңға жуық пәтер бар, бірақ тек 1600-дейі ғана келісімшартқа отырды. Қалғандары қашан отыратыны белгісіз, біртіндеп келісімге келіп жатырмыз. Біз бір шаршы метр үшін 30 теңгеден алып отырмыз. Бірақ, тұрғын үйді күтіп ұстау үшін тұрғындардың жартысы ғана төлеп отыр. Бұл қаржы, мәселен, суға толы жертөлелерді тазартып, қалпына келтіруге жетпейді. Жазда төртінші, бесінші қабаттарға су көтерілмейді. Бұрын масаны улау жұмыстары жазда жүргізілмейтін, ал былтыр қарашада бір рет алғаш рет жүргізілді, - дейді жоғарыда аталған үш ПИК-тің төрағасы Амангелді ИБИНОВ.

«ЖылыойТазалық» ЖШС ПИК қызметі үшін төлемей отырған он үйге қызмет көрсетуден бас тартты. Олар домофон орнатып, подъезд бен жертөле тазалығын қамтамасыз етіп, балалар ойын алаңдарын күтіп ұстаумен айналысады. Енді бұл үйлерді «СЭЦГИ» ЖШС өз қарамағына алмақ.

Аудандық тұрғын үй инспекциясы басшысы Саян  БАСЕЛОВ қазір ПИК-пен модернизация туралы келісімшартқа қол қоймаған тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ПИК құрушыларға құжаттарын заңдастыруға көмек көрсетуде екенін айтады.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

9 мамыр 2017, 14:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.