Атырау, 27 қараша 15:29
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

«Атырау» үшінші рет қатарынан жеңіске жетті

Сурет
3 228 просмотра


6 мамырда футболдан ел чемпионатының 11-турында «Атырау» алматылық «Қайрат» командасын қабылдады.

Букмекерлерге дейін «Атыраудың» чемпионат көшбасшыларының біріне лайықты қарсылық көрсете алатынына сене қоймады. Сергей ПАВЛОВТЫҢ жасағы әлі шикілеу, ойынға төселгендік жетіспейді. Бұл ойынның алғашқы сәттерінде-ақ көзге түсті. Алайда бәсекелестерінің қорғанысын бұзуда алаң иелерінің ықыластарында шек болмады. Иә, ақ-жасылдар доптан жиі айырылып қалып отырды, алайда шабуылды қорғаныс сенімді түрде тойтарып отырды. 24-минутта «Атырау» бұрыштан доп соғу мүмкіндігін иеленіп, Марат ХАЙРУЛЛИН жақын штангаға допты әуелете соғып, доп қорғаушы Ян ВОРОГОВСКИЙДЕН қақпаға ұшып кірді. Автогол, есеп алаң иелерінің пайдасына 1:0 болды. Голдан кейін «Атырау» қорғаныспен уақыт өткізбеді, сол жақ қапталдан қарсыластарына Шавкат САЛОМОВ қайта-қайта қауіп төндірді. Меймандар да шабуыл жасады, оларда футбол өлшемі бойынша жас емес, бірақ бұрынғыша шеберлігі мол Андрей АРШАВИН мен бразилиялық жартылай қорғаушы ИСАЭЛ ерекшеленді. Алайда бірінші тайм 1:0 есебімен аяқталды. Кездесудің екінші жартысы алаң иелерінің бастырмалатқан шабуылымен басталды. 49-минутта Хайруллин Саломовқа доп беріп, ол Владимир ДВАЛИШВИЛИГЕ әуелете соғып, грузин легионері басымен допты қақпаға салды. Меймандар офсайд болды деп, төрешіге наразылық білдірді. Алайда рефери ойын бұзушылық таппай, табло 2:0 есебін көрсетті.


Осылай бола тұрса да, «Атырау» «Қайратқа» ойын тізгінін беріп қойды. Алайда олардың қақпасына доп соғу мүмкіндіктерін де жібермеді. Тек қосымша берілген соңғы уақыт ішінде қайраттық Бауыржан ТҰРЫСБЕК төменнен қақпаның бұрышына доп соқты. Қақпашы Андрей ПАСЕЧЕНКО дәрменсіз еді. Осыдан кейін төреші алаң ортасынан финал ысқырығын берді. 2:1 – біздің командамыз үш рет қатарынан жеңіске жетті. Ал көпшілік оны премьер-лиганың қатарынан «шығарып» тастаған да еді.



Матчтан кейінгі баспасөз конференциясында Сергей Павлов мұның жанкүйерлерге өте қажет айрықша жеңіс екенін атап өтті:

- Біз бұл жеңіске қуаныштымыз. Ол біз үшін ортақ жеңіс. Біз ұпай үшін күресудеміз. Сіздер үшін ойнаймыз. Қолымыздан келе бермесе де, бірақ бастысы бүгінгі нәтижеміз.


«Қайраттың» бас бапкері Кахабер ЦХАДАДЗЕ:

- «Атырау» футболшыларына лайықты баға беремін. Олар барынша тырысты, мінез жағынан бізден күштірек болып шықты. Бірақ айта кету керек, «Мұнайшы» алаңы өте нашар. Бұл жерде футбол ойнау мүмкін емес.

11 турдан кейін «Атырау» 9 ұпаймен турнирлік кестеде 9-орынға жайғасты. Келесі матчты команда 10 мамырда өз алаңында «Ақтөбемен» ойнайды, бірақ бұл тұрақты чемпионат емес, Қазақстан Кубогының ширек финал ойыны. Жанкүйерлер көп болады деп ойлаймын.

Марат ТАКУЛИН

Суретті түсірген автор

7 мамыр 2017, 22:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.