6 мамырда сағат 10-да ТЖД-ға қалалық №1 полиция бөлімінен Ширина поселкесінің маңындағы Жайық өзенінен браконьерлік ауға шырмалып қалған жас ер адамның мүрдесі табылғаны туралы хабарлама түсті.
Бұл 24 сәуірде мейрамханадан шығып, «Ардагер» ықшамауданы маңындағы жағалаумен жаяу серуендеп қайтуды ұйғарған, бірақ үйіне оралмаған 29 жастағы қала тұрғыны болып шықты. 27 сәуірде жоғалған жігіттің туыстары ТЖД мен полицияға арыз беріп, сол кезде өзендегі іздеу жұмыстары нәтиже бермеген еді.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ