Атырау, 24 қыркүйек 05:29
 дождьВ Атырау +22.5
$ 445.65
€ 508.71
₽ 5.30

Ұңғыма екінші тәуліктен бері өртеніп жатыр

3 083 рет қаралды
Көрнекі сурет

Атырау облыстық ТЖД хабарлағандай, 6 мамырға қараған түні Махамбет ауданында, Атыраудан солтүстікке қарай 130 км жерде «Атыраумұнай» ЖШС игеріп жатқан Дараймола мұнай кенішінде №19 ұңғымадан газ кетіп, кейін тұтанған. Мұнайшылардан ешкім зардап шекпеген.

Ал өртеніп жатқан ұңғымадағы жалынның биіктігі 10 метрді құрайды. Өртті сөндірумен бұрқаққа қарсы қызмет айналысуда. 16 қызметкер мен 8 техника жұмылдырылды.

Дараймолла кеніші 1975 жылы ашылған, 1993 жылдан бері игеріліп келеді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

7 мамыр 2017, 11:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.