Атырау, 27 қараша 15:31
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Сенатқа үміткер ұсынылды

4 231 просмотра


5 мамырда Атырау облыстық мәслихаттың кезектен тыс 12-ші сессиясында тек бір мәселе ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына үміткерді ұсыну қаралды. Біздің жергілікті депутаттардың бірауыздан қабылдаған шешімімен ол облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар ДҮЙСЕМБАЕВ болды.

Облыстық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясы фракциясының төрағасы Нұрлыбек ОЖАЕВТЫҢ айтуынша, Индер аудандық мәслихатының депутаттары да Ғ.Дүйсембаевтың кандидаттығын ұсынған. Бүгінгі күні ол сенаторлыққа кандидаттардың біріншісі болып табылады.

Елдің жоғарғы заң шығарушы органына кандидаттарды ұсыну кешікпей 2011 жылдың тамызында сайланған депутаттардың бір бөлігінің, соның ішінде жерлесіміз Қайрат ИЩАНОВТЫҢ алты жылғы өкілеттік мерзімінің аяқталатындығына байланысты басталды.

Тағы бір атыраулық сенатор Сәрсенбай ЕҢСЕГЕНОВТІҢ өкілеттігі тек үш жылдан кейін аяқталады. Ол 2014 жылы екінші мерзімге қайта сайланды. Естеріңізге салсақ, Еңсегенов те Дүйсембаев секілді бұрын облыс әкімінің бірінші орынбасары лауазымын атқарған (2006-2008 жж.). Ал Ищанов 2001-2005 жж. әкімнің «жай» орынбасары болды, есесіне депутат болған бүкіл екінші мерзімінде сенат төрағасы орынбасарының орындығында отырды (2011-2016 жж.).

Біздің өңірден жаңа сенаторды облыстық, Атырау қалалық және аудандық мәслихаттардың депутаттары 28 маусымда сайлайды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

5 мамыр 2017, 21:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.