Атырау, 27 қараша 15:40
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

М.Ермекқалиев: «Мені ешкім қыспаққа алған жоқ, өзім кеттім»

3 022 просмотра

Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының бастығы Мұрат ЕРМЕКҚАЛИЕВ лауазымынан кету туралы арызына комментарий берді.

«Бекіре» үйлестіру кеңесінің бүгінгі отырысын Ермекқалиев басшы ретінде жүргізді. Бәлкім, соңғы рет шығар. Ол 2 мамырда арыз берген, бірақ ауыл шаруашылығы министрлігі жұмыстан босату туралы бұйрыққа әлі қол қоймаған.

- Өздеріңіз білесіздер, соңғы кездері біздің жұмысымызда өте салмақты проблемалар, біздің инспекцияға шағымдар айтылды. Атап атйқанда, маған басшы ретінде, осы балық қорғау акциясы кезінде менің қарамағымдағы қызметкерлер тарапынан Әдеп кодексін бұзу фактілері тіркелгенін ескеріп, бекіре тұқымдастардың заңсыз ауланып, Ресей Федерациясына 3,7 тоннасының өту фактісін ескеріп, бүгінгі күні лимит ұстаушыларға байланысты Құрманғазы ауданында қалыптасқан жағдайды ескеріп... Мұны менің жіберген қателіктерім, менің жұмысымдағы кемшіліктер деп есептеймін. Сол себепті кетемін деп шештім. Маған ешкім қысым көрсеткен жоқ, мен бұл шешімді өзім қабылдадым.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА 

5 мамыр 2017, 17:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.