Облыстық әкімдікте қайта ұйымдастыру жұмысы жүріп жатыр. Екі облыстық басқарма біріктірілді: ауыл шаруашылығы басқармасы мен ветеринария басқармасы. Біріктірілген ветеринария және ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып осы кезге дейін ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болған Сырым РЫСҚАЛИЕВ тағайындалды.
С.Рысқалиев Махамбет ауданында дүниеге келген. Алматыдағы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын бітірген. Алғашқы еңбек жолын «Казсельхозтехника» мекемесінде жұмысшы болып бастаған. Кейін Мақат, Қызылқоға аудандарының әкімі және облыс әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА