Атырау, 29 наурыз 14:08
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Үнемделген бюджет және масамен күрес

2 898 просмотра

Көрнекі сурет
Масамен күрес тендері наурыздың ортасында өтті. Энтомолог Айнагүл ДӘУЛЕТЬЯРОВАНЫҢ айтуынша, конкурста жеңіп шыққан «Биоген Инжиниринг Лимитед» ЖШС компаниясы Наурыз мейрамынан соң бірден жұмысқа кіріскен.

Атырауда энтомологтар көп емес. Сондықтан А.Дәулетьярова дезинфекциямен айналысатын түрлі фирмалардың кеңесшісі ретінде алғаш рет жұмыс жасап отырған жоқ. «Биогеннен» бұрын болған «AG Disinfection servises» компаниясына да кеңес беруші болған.

Қала тұрғындары биыл масалармен күрестің басталмай жатқандығына шағымданды. Қалай дегенмен де, олар әлі өз үйлері жанынан дезинсекторлардың арнайы машиналары мен арнайы костюм киген жұмысшыларды көрмеген. Тіпті, алдағы уақытта үйлердегі жертөлелерді улайтындығы туралы хабарландырулар ілінбеген.

- Керісінше, биыл ертерек бастады. 17 наурызда компания тендерді ұтып алып, үйлерге улау жұмыстарын жүргізу кестесін құрды, оны ТКШ бөліміне мақұлдатып, барлық ПИК-терге таратты. 16 дезинсекторлар жұмыс жасайды, оларға ТКШ-ның 4 қызметкері бақылау жасайды. Көппәтерлі үйлердің барлық жертөлелеріне препараттарды бүркіп шаштық. Наурызда Еркінқала, Дамбы және Кеңөзек ауылдық округтерінде кедергілі өңдеу жүргіздік. Бұдан басқа Дамбы маңындағы Каспий жағалауы мен 7 су қоймасын дәрілеп үлгердік, – дейді Дәулетьярова.  

Өткен жылы бюджет дәрілеуге 117 млн теңге бөлуге әзір болды. Ал конкурста өз қызметін 70,9 млн теңгеге ұсынған мердігер ұтып алды. Биыл әкімдік бөлінетін қаржының бастапқы сомасын 130 млн теңгеге дейін көбейтті. Ал 52 млн теңгеге масамен күресуге әзір фирма жеңімпаз деп танылды.

Бағаны кемітудің қажет қанша еді? Көпжылғы тәжірибе көрсетіп отырғандай, масамен кең ауқымда күресу керек. Ал біздің жағдайымызда азғана бюджетпен ұзаққа созылған күрес мүмкін емес. Бұған оларды, шынымен де, қатаң бәсекелестік мәжбүрлеп отыр ма?

- Бұл алаңда бәсекелестер жеткілікті, - деп келіседі менің сұхбаттасушым.

Бірақ, оның пікірінше, бастысы – биыл қала жертөлелерінің 80 пайызы суға кетіп, әр ықшамауданда шағын су тоғандары деп атауға болатын үлкен шалшық сулар пайда болған өткен жылғыдай көп жауын-шашын болмаған. Қазір әр жер құрғақ, сондықтан бұл қаржы бүкіл маусымға жетуі тиіс. Маманның растауынша, компания Атырау жертөлелері мен ауылдық округтерде масаларды айына бір рет улайтын болады. Су айдындарын улау мамырдың аяғына дейін жоспарланған. Масалар оларға бейімделе алмас үшін компаниялар препараттарды жыл сайын ауыстырып тұрады. Бұл маусымда дезинсекторлар «Медилис-малютин», «Солфак» және «Бактицин» препараттарымен улайды. 4 мамырда кештетіп қала көшелерін улау жұмыстары басталды.

- Масаларды толықтай жою мүмкін емес, ал мамырда олар міндетті түрде болады. Бұл олардың көбейетін кезеңі. Ал шамамен 20 маусымға қарай олар анағұрлым азаятын болады, өздеріңіз көресіздер, - деп сендірді мені Дәулетьярова.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

5 мамыр 2017, 14:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.