Тәжікстанда "Мәңгілік полк" ("Бессмертный полк") акциясы президент бекіткен Жеңіс күнін атап өтудегі мерекелік шаралар тізіміне енгізілмеді. Мемлекеттік "Ховар" агенттігінің мәлімдеуінше, акция "ислам құндылықтарына сәйкес келмеуіне байланысты" өтпейтін болған.
Мәлімдемеде ислам дәстүрі бойынша көшеге о дүниелік болған адамның суретін ұстап шығуға тыйым салынғаны айтылады. Бұдан өзге, Тәжікстан мен Ауғанстанның территориясында жалғасып жатқан соғыс қимылдары "қосымша акция өткізуге мүмкіндік бермейтіні" айтылған.
Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқандардың туыстары ардагерлердің суреттерін ұстап шерулетіп өтетін "Мәңгілік полк" акциясы соңғы бірнеше жылда Ресейдің көптеген қаласында және бұрынғы СССР-дің бірқатар елінде өткізіліп келеді. Соңғы екі жылда акцияны кремльшіл Бүкілресейлік ұлттық майдан ұйымдастырып жүр. Кейін акцияға қатысушылардың барлығы бірдей оған өз еркімен қосылмайтыны туралы ақпар шыққан.
Дереккөз: Азаттық