Атырау, 8 желтоқсан 19:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Жапония. «Фукусима-1» атом электр станциясы маңындағы өрт өршіп барады

7 831 рет қаралды


Жапонияның апат болған «Фукусима-1» атом электр станциясының маңайындағы орман өрті өршіп барады деп хабарлайды жергілікті NHK теле арнасы. 

NHK теле арнасының мәліметінше Жапонияның солтүстік-шығысындағы 20 гектар орман өртке оранған. Қазір оқиға орынында қызыл жалынның алдын алу үшін тікұшақ, өрт қауіпсіздігінің 240 адамы және Жапонияның өзін-өзі қорғау әскери күштері жұмыс істеп жатыр. Өртке оранған орман Намиэ ауылының жанында орналасқан. Бұл ауылдан «Фукусима-1» АЭС апат болғанан кейін радиацияның шамадан тыс болуына байланысты жергілікті тұрғындар қауіпсіз аймақтарға көшірілген. 

Естеріңізге салайық, Жапонияда 2011 жылы жойқын жер сілкінісінің салдарынан «Фукусима-1» атом элетр станциясында апат болып,  2013 жылы Жапония билігі станцияны жапқан болатын.

Дереккөз: Qazaqtimes.com 

5 мамыр 2017, 10:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.