Атырау, 5 желтоқсан 13:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Жолақтағы өлім

Сурет Бейнежазба
8 330 рет қаралды
Суретті оқиғаға куәгер жолдады

4 мамырда сағат 18-де Атырауда Сәтпаев даңғылы бойында ХҚКО маңындағы жаяу жүргіншілер өткелінде 50 жастағы қала тұрғыны жүргізіп келе жатқан "Тойота Ланд Крузер - 200» көлігі 54 жастағы әйел адамды қағып кетті. Алынған зақым салдарынан әйел сол жерде көз жұмды.

Әйелдің мүрдесі асфальтта боялған жолақтан санаулы метр жерде жатты. Облыстық ІІД баспасөз қызметі әзірге көлік жүргізушісі кінәлі деген пікір білдіріп отырған жоқ. Трассологиялық сараптама тағайындалды. ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-тармағы («Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзуы») бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Суретті оқиғаға куәгер жолдады


Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

4 мамыр 2017, 21:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.