Атырау, 28 қараша 03:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Киевте Виктор Януковичтің соты болды

2 376 просмотра

Фото: РИА Новости
Бүгін Киевтің Оболонск аудандық сотында Украинаның бұрынғы президенті Виктор Янукович ісі қаралды деп хабарлайды Интерфакс Украина ақпарат көзі. 

Виктор Януковичке Украина қылмыстық кодексінің 111 бабының 1 тармағы (Отанына опасыздық жасау), 110 баптың 3 тармағы (Украинаның тұтастығы мен тәуелсіздігіне қол сұғу), 437 баптың 2 тармағы (Арандатушы әскери әрекет жасау), 27 баптың 5 тармағы (сыбайластық) бойынша айыптар тағылған. 

Виктор Янукович ісін қараған Оболонск ауданының соты Владислав Девятко Януковичке сотқа видео арқылы қатысуға рұқсат берген. Ал 3 мамыр күні Интерпол Януковичті іздестіруін тоқтататынын мәлімдеген болатын. Бірақ Украина қарсы апелляциялық шағым жазған. 

Виктор Янукович Украинаны 2010-2014 жылдары аралығында басқарған. 2014 жылы 106 адамның өмірін қиған Евромайданнан кейін билік басынан кеткен болатын. 

Дереккөз: Qazaqtimes.com 

4 мамыр 2017, 16:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.