Атырау, 28 қараша 03:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Интерпол Януковичті іздеуді доғарды

1 728 просмотра


Интерпол Украинаның бұрынғы президенті Виктор Януковичті іздеуді тоқтатты. Украина Ұлттық полициясының өкілі Ярослав Тракалоның "Украинская правда" газетіне хабарлауынша, бұл туралы ақпарат Интерполдың өзінен жеткен. Инторпол Януковичпен қоса оның ұлы Александр Януковичті де іздеуді тоқтатқан.

Интерполдың Украинадағы ұлттық бюросы өзіне жеткен барлық ақпаратты бас прокуратураға берген. Іздеудің не себепті тоқтатылғаны әзірге белгісіз.

4 мамырда Киевте Виктор Януковичке тағылған мемлекетке сатқындық жасау айыбына қатысты іс бойынша алдын ала сот отырысы өтеді. Экс-президентке айып 2014 жылы ақпанда Майдан алаңында халық толқулары кезінде 100-ден астам демонстранттың өліміне байланысты тағылған. Ол толқулардан соң Украина парламенті Янкуовичті биліктен аластатқан. Янукович Ресейге қашып кеткен.

Виктор Янукович қазір өзіне уақытша баспана берген Ресейде тұрып жатыр.

Дереккөз: Азаттық

4 мамыр 2017, 10:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.