Атырау, 5 желтоқсан 13:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Прокуратура заңсыз ашылған шағын орталықты жапты

2 853 рет қаралды

Жылыой аудандық прокуратурасы Құлсары қаласындағы мектепке дейінгі шағын орталықты жапты.

Кәсіпкер шағын орталықты пәтерді жалдау арқылы былтыр  сәуірде ашып, жұмысын жүргізген. Онда 3-6 жас аралығындағы 13 бала барған. Жақында тексеру кезінде шағын орталықта санитарлық талаптардың сақталмағандығы анықталған. Одан бөлек, бұл мекеменың барын аудандық білім бөлімі де, салықшылар да білмейтін болып шықты.

- Аудандық соттың қаулысымен жеке кәсіпкерге ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-тармағымен («Тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру») 53 025 теңге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Жылыой аудандық прокуратураның аға прокуроры Арман АЙТҚАЛИЕВ.  – Шағын орталықтың жұмысы тоқтатылды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

3 мамыр 2017, 14:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.