Атырау, 18 сәуір 11:07
 ашықВ Атырау +28
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

АІІБ бастығының орынбасары мен жедел уәкілге айыппұл салынды

3 667 просмотра

Мақат аудандық соты АІІБ бастығының бірінші орынбасары мен криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілін айыптау бойынша қылмыстық істі қарады.   

Айыптау нұсқасы бойынша, осы жылдың қаңтарында АІІБ бастығының бірінші орынбасары мен екі жедел уәкіл ет комбинатынан «Газель» автокөлігімен құрылыс материалдарын ұрлады деп күдіктелген Мақат поселкесінің жергілікті үш тұрғынын бөлімге алып келеді. Көлікті АІІБ-нің ауласына кіргізіп, ҚР ҚК-нің 188-бабы («Ұрлық») бойынша қылмыстық іс қозғалады.

Кейін жедел уәкіл «істі жабу үшін» 50 000 теңге пара сұрайды. Ал үстінен қылмыстық іс қозғалғандардың бірі ертесіне «Газельді» иесіне қайтаруды сұрай келген кезде АІІБ-нің бірінші орынбасары одан бұл «қызметі үшін» 200 000 теңге әкеліп беруін талап етеді. Жедел уәкілді де, орынбасарды да Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қызметкерлері пара алу кезінде ұстады. Олардың үстінен ҚР ҚК 366-бабы 3-тармағы 2-тармақшасымен («Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен») қылмыстық іс қозғалды.

Сот оларды кінәлі деп танып, криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкіліне 17 млн теңге көлемінде, ал ІІБ бастығының бірінші орынбасарына 14 млн теңге көлемінде айыппұл өндіру туралы үкім шығарды. Сонымен бірге екеуін де шендерінен айыра отырып, құқық қорғау органдарында жұмыс жасау құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

3 мамыр 2017, 14:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.