Атырау, 27 қараша 15:31
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Екпеге кімдер қарсы?

2 088 просмотра

Жылыой ауданында 312 баланың ата-анасы екпе салудан бас тартқан. Олардың басым бөлігі дәстүрлі емес діни ағымдағылар. Жергілікті дәрігерлерді екпе салдырудан бас тартушылар қатарының көбеюі алаңдатып отыр.

Бүгінде ауданда алты жасқа дейінгі 12 904 бала бар. Олардың 2 259-ы 1 жасқа дейінгі сәбилер.

- Кейбіреулер тіпті, перзентханаға екпеден бас тарту туралы анықтамасын нотариуспен куәландырып алып келеді, - дейді Жылыой аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Клара ТАҒАМБАЕВА. – Дәстүрлі емес діни ағымның өкілдері дәрігерге қаралудан бас тартады. Әйел адамды әйел ғана қарауы тиіс дейді. Тіпті, олар жүкті кезінде де ораза ұстай береді. Ал бұл іштегі сәби үшін үлкен зиян, анасы нәр татпаған соң оған ауа жетіспейді. Осыдан үш жыл бұрын бірнеше жүкті әйел ораза ұстап, балалары  шетінеп кетті. Қазір біз жүкті әйелдермен жеке-жеке сөйлесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

2 мамыр 2017, 11:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.