26 сәуірде қалалық әкімдікте өткен кеңесте азық-түліктер саудасы мен қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының жұмысы талқыланды.
ЮТУБ КӨМЕККЕ КЕЛЕДІ
Атырау қаласының бас санитарлық дәрігері Темірбек МҰСАҒАЛИЕВТІҢ айтуынша, Атырау облысында соңғы үш жылда азық-түліктен улану оқиғалары тіркелмеген. Бірақ бұл тоқмейілсуге себеп емес, өйткені алаңы 50 шаршы метрден кем түспейтін сауда нысандарына санитарлық дәрігерлер бақылау жасамайды. Мұсағалиев «Дина» мен «Насиха» базарларының басшыларынан 10 мамырға дейін бүкіл саудагерлерді бейджиктермен, санитарлық кітапшалармен және сұрыпталымдық тізбелермен қамтамасыз етуді талап етті. Олардың қолдарында сататын бүкіл өнімдерінің сапа сертификаты мен сәйкестік декларациясы болуы тиіс.
- Сатып алушы жұмыртқанын қайдан келетінін, оның қалай әкелінгенін, қалай сақталғанын және оларды кімдердің сататындығын білуге тиіс, - деп бейнелей сөйледі ол.
Супермаркеттерге де талап қойылды. Мұсағалиев азық-түліктердің жарамдылық мерзімдері жиі сақтамалмайтынын мәлімдеді. «Егер бізге YouTube-тен бейнежазба келетін болса, сіздерге айыппұл саламыз», - деп ескертті санитарлық дәрігер.
- Біз ауыл шапуашылығы өнімдеріне рұқсат құжаттарын ала алмаймыз, - деп шағымданды шаруа қожалықтарының бірінің өкілі. Осы жерде облыстық техникалық реттеу және метрология департаментінің басшысы Салтанат КАМЕШЕВА сөз алды:
– Өнімді өздері өсіретіндер тауардың шығу тегі туралы СТ КЗ сертификатын алуға тиіс. Бұрын бұл құжатты берумен біздің департамент айналысатын, қазір – облыстық кәсіпкерлер палатасы айналысады. Ол жерде сараптама ұйымы бар. Өндірушінің зерттеу үшін өз өнімін әлдеқайда апаруына жол беруге болмайды. Ол үшін сол жерден сынама алудың арнайы әдістемесі бар. Әйтпесе, сараптамаға бір қарбыз ұсынылып, саттыққа басқалары шығарылуы мүмкін.
«ОЛАРҒА КҮН САЙЫН АЙЫППҰЛ САЛАТЫН БОЛАМЫЗ»
Диалогқа облыстық қоғамдық денсаулықты қорғау департаменті басшысының орынбасары Амантай ЖҰМАҒАЛИЕВ қосылды:
– Шаруалар көбінесе ақшаларын үнемдеп, өз тауарларын сертификаттауға асықпайды. СТ КЗ сертификаты тек ірі шаруашылықтарда ғана бар. Ал ол бәрінде болуы тиіс. Менің халыққа айтарым: егер сертификаттары жоқ болса, олардан өнімдер сатып алмаңыздар!
Ол өзін «Дина» базары директорының кеңесшісімін деп таныстырған Табылды АШКЕНОВКЕ сұрақ қойды:
- Жеткізушілерден өнімдерге рұқсат құжаттарын неліктен талап етпейсіздер?
Ашкенов: Бізде 7 мыңдай саудагер бар...
Жұмағалиев: Көтерме сауда жасайтындар мыңдаған емес, саусақпен санарлық. Олардың құжаттары көбінесе жалған болып келеді. Өткен жылы біз тексергенбіз. Мәселен, тауар әкелінген Оңтүстік Қазақстан облысында құжаттарда көрсетілген шаруа қожалығы тіркелмеген болып шықты. Ал тағы бір жағдайда егістік алаңы сатуға әкелінген бақша өнімдерінің көлемімен сәйкес келмеді.
Мұсағалиев: Егер азық-түліктер құжаттарсыз сатылса, прокуратураға жазыңыздар. Бізге жазыңыздар – оларға күн сайын айыппұл салатын боламыз. «Дина» базарының әкімшілігі: санитарлық дәрігерлердің штатын көбейтіп, бақылау жасаңыздар.
Камешева: «Дина» базарының әкімшілігіне аккредиттелген зертханалармен келісімшарт жасауға кеңес беремін. Егер жаппай улану орын алса, сотта сауда желісінің кінәсіз екендігіне дәлел ретінде тек аккредиттелген зертхананың қорытындысы ғана қабылданатын болады. Егер «Динада» мұндай база мен қажетті қызметкерлер штаты болмаса, бұдан шығатын жол осы ғана.
Мұсағалиев: «Дина» базарында бүкіл сатылатын өнімдерде құжаттардың болуына қол жеткізу керек. Бүгінгі күннен бастап осы жұмысты қолға алуды сұраймын. Бүкіл нысандар – балабақшалар, мектептер, қала мен аудан тұрғындары осы базардан азық-түліктер сатып алады. Сондықтан сіздер негізгі жеткізушілер болып табыласыздар. Тәртіп орнатыңыздар, штат алыңыздар да жұмыс жасаңыздар.
САНИТАРЛЫҚ КІТАПША 20 МИНУТТА ӘЗІР
Қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Руслан ИБРАЕВ сөз алды:
- Мен жақында Атырауда санитарлық кітапшаның 20 минутта ресімдеуге болатынын білгенде қатты таң қалдым. Біз нысанды тексеруге бардық. Сөйтсек, сатушының санитарлық кітапшасы жоқ екен. Бұл нүктені жабамыз деп ұйғардық. Қысқа уақыт ішінде әлгі сатушы жігіт жүгіріп келіп, маған бүкіл мөрлер соғылған санитарлық кітапшаны ұсынды.
- Қазір қалада кез-келген жерге сауда шатырларын орнату жиі тіркелуде. Ал сатушылардың қолдарында ешқандай құжаттар жоқ, - деп сөзін жалғады Ибраев. – Мен кәсіпкерлерден саттыққа шықпас бұрын бүкіл құжаттарды ресімдеуді талап етемін. Сонымен қатар, сауда жасаған кезде қолдарында санитарлық кітапшалары мен өнімдердің құжаттары болуы тиіс. Қалада донерлер мен самсалар сататын жерлер өте көп. Көбінесе ол жерлерде ешқандай жағдай болмайды. Онда жұмыс жасайтындар шетелдіктер, көбі Өзбекстаннан келгендер. Сыртқа шығуға қорқып, «коланың» баклажкасына дәрет етеді. Егер сауда нүктелері сіздердің күдігіңізді тудырса, 27-28-01 телефондарына қоңырау шалыңыздар. Біз тексереміз.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Суретті түсірген автор