Атырау, 27 қараша 15:50
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Облыс әкімі теңізден балық аулауға салынатын тыйымға қол жеткізбек

Бейнежазба
3 958 просмотра


Абай болыңыз! Бейнежазбада балағат сөздер бар!

Бұл бейнежазбаны жақында теңіз жағасындағы Жанбай поселкесінің жастары түсірген: екі тәулік бойы соққан күшті жел екпінімен жағалау бойында қазыққа байланған балық аулайтын бударалар ығып кеткен, моторлары шашылып жатыр. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының бас маманы Олег ТУШКАНОВТЫҢ айтуынша, бұл «Абылайхан», «Ракуша» және «Жамбыл» балық аулау кооперативтерінің қайықтары екен.

Балықшылар енді осынау әлсіз, шыныпластик қайықтармен ашық теңізге шығып жүр. Балық қорғау қызметкері мұны қауіпті деп есептейді:

Казанкаларға (моторлы металл қайықтар) биыл тыйым салынды, теңізден балықты бударалармен аулайды. Меніңше, олар да лайықты жарақталмаған. Көріп тұрсыз ғой, қалай лақтырып жібергенін. Бір күні күшті жел тұрса, біреулер суға кетеді. Бірақ облыс әкімінің теңізден балық аулауға тыйым салу туралы ұсынысы қабылданса, онда проблема өз өзінен шешілетін болады.

Атырау облыстық әкімдігінің баспасөз хатшысы растағандай, облыс әкімі Нұрлан НОҒАЕВ ақпанның аяғында ауыл шаруашылығы министрлігіне екі жыл уақытқа Каспий теңізінен балық аулауға, соның ішінде, ғылыми мақсатта аулауға толықтай тыйым салу туралы ұсыныс жолдаған.

Әкімдік бекіре тұқымдастардың популяциясын сақтау үшін осы ұсынысты енгізді. Жайыққа уылдырық шашуға шығатын балықтарды, тіпті, өзенге кіруге мүмкіндік берместен, браконьерлердің теңізде, өзен құйылысында аулап алатыны жасырын емес.

Министрліктен қандай жауап болған?

Министрліктің жауабы туралы айтуға әзір ертерек. Бірақ бұл мәселе талқылануда, облыс әкімдігінің және Ауыл шаруашылығы өкілдерінің қатысуымен бірнеше селекторлық кеңестер өтті.

Егер тыйым енгізілсе, онда бұл лимит тек өзеннен, балық аулайтын жерлерден, жағалаудан аулауға ғана беріледі деген сөз. Яғни, теңізде кемелердің жүруіне еш негіз болмайды. Бұл баршасы үшін тыйымды білдіреді және кез келген қайық браконьерлік деп бағаланатын болады.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

27 сәуір 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.