Атырау, 27 қараша 15:48
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

«Ембімұнайгаз» АҚ-да жаңа басшы сайланды

PR
4 081 просмотра

ЕМГ Директорлар Кеңесінің  шешімімен 2017 жылдың 24 сәуірінен  бастап Басқарма Төрағасы болып ЖАҚСЫБЕКОВ Ануар Еркинович сайланды.

- Ануар Жақсыбеков  мамандығы бойынша геолог, кезінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ геология департаментін басқарған. Өзін мамандығын жетік меңгерген кәсіби маман ретінде көрсете білді. Бүгінгі таңда ЕМГ алдында тұрған негізгі бағыттардың бірі-  ресурстық базаны күшейту мақсатында жүргізілетін геологиялық барлау жұмыстары мен жаңа активтерді сатып алу. Бұдан басқа Компанияның келешекте даму стратегиялық бағыты- өндіріс көрсеткішін сақтай отырып, даму жоспарын қолға алу, сонымен қатар, тұтас ұжымда және  Атырау облысы аумағында орналасқан  нысандарда тұрақтылықты қамтамасыз ету - деп атап көрсетті «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директоры Құрманғазы Орынғазыұлы ЕСҚАЗИЕВ.

 Жаксыбеков Ануар Еркинович -  жаңа тағайындауға дейін ЕМГ бас директорының жаңа жобалар және технологиялар жөніндегі орынбасары лауазымын атқарды.  Ал бұрын  «ҚазМұнайгаз» ҰК» АҚ барлау және өндіру блогында  геология және геофизика департаментінің директоры, «Н Оперейтинг Компани» ЖШС-де  «ҚазМұнайгаз» ҰК» АҚ атынан геологиялық барлау менеджері, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директорының геология және кен орындарын игеру  жөніндегі  орынбасары, «Кашаган Б.В.» ФЧКОО  бас директорының келешек жобалар және операциялық қызметтер жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған.   

26 сәуір 2017, 15:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.

Комментарий беру ажыратылған