Атырау, 27 қараша 15:42
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

«Бекіре» штабы: «Жанбайлықтар бізбен ойын ойнап жүр»

Бейнежазба
3 366 просмотра

«Бекіре» балық қорғау акциясының үйлестіру штабының мүшелері жанбайлықтар арандату ойындарын ойнап жүр деп есептейді.

«БАЙДАЛАРДЫ ҚАСАҚАНА СУҒА ҚОЯДЫ»

- Сіз өткен жолы байдалардың барлығын алып тастады деп жаздыңыз. Міне, олар жауап ретінде өш алып, байдаларды қайтадан суға шығарыпты. Бірақ оларды пайдаланбайды, тек қасақана суға түсіріп қойған, - деді Атырау облыстық ІІД-нің балық қорларына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімінің бастығы Серік ЖАНҰЗАҚОВ. – Міне, қазір олар байдаларды алып жатыр, содан кейін сіз жазасыз. Сіздің мақалаңызға қандай реакция болатыны белгісіз. Бізбен мысық пен тышқан ойынын ойнап жүр.

Біз орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі (балық қорғау) инспекциясының басшысы Мұрат ЕРМЕКҚАЛИЕВТАН Жанбайдағы бүгінгі ахуалға комментарий беруді өтіндік.

- Өткен аптада жағалауда бірде-бір байда болған жоқ, екі күн өткеннен кейін олар тағы пайда болды. Біз кеше кезекті рейд жүргізіп, 12 байданы тіркедік. Оның сегізі ауыл тұрғындарының аулаларына қайта әкелінген, тағы төртеуінен қожайындары моторларын түсіріп алған. Яғни, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз...

- Сіз отырыстардың бірінде байдаларды тәркілеу мүмкіндігі туралы әңгімеледіңіз. Бұл қолданыстағы заң аясында мүмкін бе?

- Иә, көлік бақылау инспекциясымен бірге.

- Ал қожайындарының аулаларына кері апарылған байдалардың барлығы тіркелген бе?

- Иә, бәрі тіркелген, борттық нөмірлері бар. Тәркілеуге тиесілі емес.

- Бізге «Бекіре» операциясының аясында құрлық пен суда орнатылған өткізу қосындарының түнде ашылып, өзен бойымен жоғарыға қарай браконьерлік кемелерді өткізіп жібереді деген мәлімет бар. Осы рас па?

- Бәлкім, мен ештеңе өтпейді деп растай алмайтын шығармын. Егер сізде сондай ақпарат бар болса, мүмкін өтетін шығар. Түнгі уақытта Пешнойда шекарашылар да тұрады, біздің рейдтік топ та жұмыс жасайды. Ол жақта түнгі уақытта жұмыс жасайтындарды құрықтауға тырысамыз.

- Сіз браконьерлер туралы айтып отырсыз ба?

- Иә, әрине. Біз тышқан да өтпейді демейміз. Бәлкім, өтетін шығар. Мұндай ықтималдылық бар, бірақ керуендеп өтпейді.

«ШОҚЫРЛАР КӨБЕЙІП, ІРІЛЕНДІ»

Штаб отырысында 1 сәуірде ауланған салмағы 160 келі болатын қортпа аналығынан ойдағыдай уылдырық алынғаны туралы хабарланды. Қортпа 30,6 келі уылдырық берген, бұл ұрықтанған уылдырықшалармен есептегенде 1,2 млн бірлікті құрайды. Жалпы, «Бекіре» ұйымдастырушылары биыл бірнеше параметрлер бойынша жақсы динамиканы атап отыр. Олар алдыңғы балық аулау маусымымен салыстырғанда, уылдырық шашуға балықтың жүруі жақсы екенін айтады:

- Мөлшері де көбейген, салмағы бойынша да іріленген, - дейді орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы басшысының орынбасары Олег ТУШКАНОВ. – Егер өткен жылы шоқырлардың орташа салмағы 10 келі шамасында болса, биыл 15-17 келіге жеткен.


Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Суретті түсріген Марат ТАКУЛИН

25 сәуір 2017, 14:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.