Франциядағы Бастиллия тарихи алаңына жиналған, өздерін «Фашизмге қарсы топ» атаған наразылық білдірушілердің басым көпшілігі, сайлаудың келесі айналымына өте алмай қалған Жан-Люктің жақтастары болып шықты. Олар Макрон мен Ле Пеннің ұстанымдарына қарсылықтарын білдіруде. Ереуілшілер мен тәртіп сақшылары арасында қақтығысқа ұласқан наразылық шарасы әлі де толық тарқала қоймаған. Аталған елдің бірнеше қаласында орын алған қарсылық шарасының бәрінде полицейлермен қақтығыс орын алды.
Естеріңізге сала кетейік, Франция президент сайлауының нәтижесі бойынша, алғашқы турна Эммануэл Макрон мен Марин Ле Пен алға шығып, екінші айналымға жолдама алған болатын. Радикал оңшыл «Ұлттық майдан» партиясының басшысы Марин Ле Пенді президент етіп сайламас үшін өзгелер Макронға дауыс беруге дайын екенін «Франция 2» телеарнасы бүгінгі хабарында айтқан болатын.
Дереккөз: Qazaqtimes.com