Оңтүстік Корея АҚШ-тың «Карл Винсон» ұшақ тасмалдағыш кемесімен бірге әскери оқу жаттығу жұмыстарын өткізбек деп хабарлайды Киодо ақпарат агенттігі.
Өткен жексенбіде АҚШ-тың аты шулы «Карл Винсонды» Жапонияның «Асигара» және «Самидарэ» кемелерімен бірге оқу жаттығу өткізген болатын. Ал СNN теле арнасы бұл оқу жаттығуға қатыспаса да, Пусан портына АҚШ-тың «Мичиган» атом сүңгуір қайығы келгендігін хабарлап, «Мичиганның» бортына «Томагавка» сынды 154 қанатты зымыран сыйатынын айтып алаңдаушылықтарын білдірген еді.
Сәуір айының басындағы Сүлтүстік Кореяның зымыран сынағынан кейін, АҚШ «Карл Винсон» кемесі Корей түбегіне бет алғанын мәлімдеген болатын. Ал АҚШ вице-президенті Майк Пенс «Карл Винсон» Корей түбегінде әлі бір айдай уақыт болатынын айтқан еді. Шет ел сарапшыларының хабарлауынша Солтүстік Корея келесі ядролық зымырандарының сынағын бүгін өткізуі мүмкін. Өйткені бүгін яғни 25-ші сәуірде Пиоңяң (Пхеньян) КХДР әскерінің құрылғанына 85 жыл толуын атап өтпек.
Бұдан бұрын АҚШ, егерде Солтүстік Корея ядролық зымырандарын тағыда ұшыратын болса, оларды атып түсіреміз деп мәлімдеген болатын. Оңтүстік Кореяның «Карл Винсон» авиаматкасымен бірге әскери оқу жаттығу жұмыстарын бірліте өзкізуі терістіктегі көршсінің шамына тиері даусыз.
Дереккөз: Qazaqtimes.com