Атырау, 28 қараша 03:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

"Россия сегодня" Reuters-пен ынтымақтастығын үзеді

1 865 просмотра


Ресейдің мемлекеттік "Россия сегодня" медиатобы халықаралық Reuters агенттігі Ресейдің АҚШ-тағы сайлауға киліккен туралы материал жариялаған соң бұл агенттікпен бейнематериалдар сатып алу туралы келісімшарт жасаспайтын болды.

Тараптар бейнематериалдар сатып алу туралы келісімді бұған дейін жасасқан және ол 1 мамырдан бастап күшіне енуі тиіс болатын. Reuters бірақ енді бұл келісімнің күшіне енбейтінін хабарлады.

21 сәуірде Reuters мақала жариялап, онда Ресейдің стратегиялық зерттеулер институты АҚш-тағы сайлауға килігу жоспарын дайындады деген ұйғарым жасаған. Reuters-тің дереккөздерінің ақпараты бойынша, сайлауға килігу бойынша екі құжат жасалған. Олардың бірі Кремльге тиімді кандидаттың жағымды бейнесін қалыптастыруды, екіншісі сайлауда заң бұзылғаны туралы ақпарат таратуды көздеген.

Қажетті кандидаттың беделіне "Россия сегодня" медиатобына бағынышты Russia Today телеарнасы мен Sputnik агенттігі жұмыс істеуі тиіс болған дейді Reuters.

Дереккөз: Азаттық

25 сәуір 2017, 10:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.