Атырау, 19 сәуір 02:43
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

«Ажалсыз полк» 8 мамырда өтеді

3 347 просмотра
Сурет "АЖ" мұрағатынан алынды

Атырауда дәстүрлі шараға айналған «Ажалсыз полк» акциясы 8 мамырда өтеді.

Бізде үшінші жыл өтейін деп отырған шеруді ұйымдастырушы – Жастар ресурстық орталығы.

- Акцияға қатысуға ниет білдірушілердің жиналатын уақыты мен орны – Авангард, 4 ықшам ауданы, Владимирский көшесі, 7 мекен-жайындағы көлік және коммуникациялар колледжінің жаны, таңертеңгі сағат 10. Қатысуға өтініштер Алмагүл ықшамауданындағы №23 үйде орналасқан біздің орталықта қабылданады, - дейді Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Рафхат БОЗБАЛИЕВ.

Естеріңізге салсақ, «Ажалсыз полк» акциясы алғаш рет Атырауда 2015 жылдың 2 мамырында ұйымдастырылған еді. Қала тұрғындары сап түзеп, аталары мен бабаларының суреттеріп ұстап, Сәтпаев даңғылының бойымен жүріп өтті. Шеруді жерлестеріміздің – Кеңес Одағының батырлары мен Даңқ орденінің толық кавалерлерінің портреттерін қолдарына ұстап шыққан 41433 әскери бөлімшесінің сержанттары бастады. Осылайша қала шайқас алаңында қаза болған немесе соғыстан кейін өмірден өткен әрбір Ұлы Отан соғысына қатысушының жеке ерлігіне тағзым етті.

Зульфия ИСКАЛЕВА

24 сәуір 2017, 16:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.