Хабарларға қарағанда, ол 6 сәуірде Майадин қаласы маңындағы құпия арнайы операция кезінде өлтірілген. "Бұл құрлық операциясы еді. Бар айтарымыз осы ғана", - деді АҚШ Қарулы күштері Орталық қолбасшылығының өкілі полковник Джон Томас. Ол Өзбекидің әуе шабуылынан қайтыс болмағанын ескертіп өтті.
Америкалықтар Әбдірахман Өзбекидің Ыстамбұл қаласындағы Rein түнгі клубында биыл 1 қаңтарда болған шабуылға қатысы бар деп отыр. Сол шабуылдан 39 адам қаза тауып, 69 адам жараланған еді. "Ислам мемлекеті" ұйымы теракт жауапкершілігін өз мойнына алған. Түнгі клубтағы қарулы шабуылды 34 жастағы Өзбекстан тумасы Абдулқадыр Машарипов жасады. Ол шабуылдан 16 күннен кейін Стамбулда ұсталды.
Дереккөз: Qazaqtimes.com