Атырау, 28 қараша 03:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Франция президенті сайлауында Макрон мен Ле Пен алға шықты

1 739 просмотра

Франция президенттігінен үміткерлер Эммануэль Макрон (сол жақта) мен Марин Ле Пен.
Франциядағы президент сайлауында берілген дауысты санау аяқталып қалды. Соңғы мәліметтер бойынша, центрист Эммануэль Макрон мен әсіре оңшыл Марин Ле Пен сайлаудың 7 мамырға белгіленген екінші кезеңіне өтіп тұр. Қазірге дейін бюллетендердің 99 пайызы саналды. Алдын ала мәліметтер бойынша, 23 сәуірде өткен сайлауда Макрон 23,82 пайыз, Ле Пен 21,57 пайыз дауыс жинады. Бұл нәтиже сайлау алдында жасалған болжаммен сәйкес келіп тұр. Президенттіктен өзге де үміткерлер - бұрынғы премьер-министр, консерватор Франсуа Фийон 19,95 пайыз, әсіре солшыл Жан-Люк Меланшон 19,95 пайыз дауыс жинады.

Ipsos-Sopra Steria ұйымы жүргізген сауалнама қорытындысы бойынша, егер сайлаудың екінші кезеңі қазір өткізілер болса, онда Макронға сайлаушылардың 62-64 пайызы, Ле Пенге 36-38 пайызы дауыс берген болар еді. Сайлаудың алғашқы нәтижелері шыға бастағанда еуроның долларға шаққандағы айырбас бағамы көтеріле түсіп, 1,09 долларды құрады. Макрон Еуропа Одағы мен одақтың ортақ валютасын қолдайды.

Марин Ле Пен сайлау нәтижелерін "тарихи оқиға" деп атап, "француз халқын элитаның тәкаппарлығынан босатуға" уәде берді. "Бұл сайлаудағы талқыға салынған басты мәселе - өркениетімізге қауіп төндіретін сұрапыл жаһандану" деді Ле Пен. Ол өзін сонымен қатар "халықтың кандидаты" деп атады. Макрон жақтастары туралы жақсы пікір білдіріп, сайлау кампаниясы "елдің бағытын өзгерткенін" мәлімдеді.

Дереккөз: Азаттық

24 сәуір 2017, 09:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.