Атырау, 28 қараша 03:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Ресей БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінде Солтүстік Корея мәселесіне вето қойды

2 066 просмотра


БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінде  Ресей Солтүстік Кореяға байланысты АҚШ-тың өтінішіне вето қойды. 

Осылайша БҰҰ-ның  Қауіпсіздік Кеңесінің Солтүстік Кореяны ядролық зымырандар ұшырғаны үшін кінәлі деп тауып, енді зымырандарын сынақтан өткізетін болса, қатаң шара қолданамыз деген құжаты қабылданусыз қалды. Ресей өзінің бұл ветосын құжаттағы «қатаң шара қолданамыз» сөзімен келіспейтіндігімен түсіндірген. РФ оның орынына Солтүстік Корея мәселесін «келіссөздер арқылы шешеміз» деген сөзге өзгертілуі керектігін айтқан. 

БҰҰ-дағы өзге елдердің дипломаттары Ресейден бұндай шешімнің күтпегенін айтқан. Тіпті Пхеньянның жақтасы Қытайдың өзі бұл құжатты қабылдауға қарсы болмаған.

Дереккөз: Qazaqtimes.com 

20 сәуір 2017, 15:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.