Солтүстік Кореяның қазіргі көшбасшысының атасы Ким Ир Сеннің туғанына 105 жыл толуына орай өткізілген салтанатты жиында жаңа баллистикалық зымыранның ұшырылғандығы жайлы бейнефильм көрсетілді.
КХДР әскерилері мен барлық шенді тұлғалар бас қосқан жиында көрсетілген бейнефильмде АҚШ-қа баллистикалық зымыран ұшырып, бір қаласын жермен жексен еткен. Ал фильмнің соңында қабір мен отқа оранған АҚШ-тың туы көрсетілген.
Дереккөз: Qazaqtimes.com