Атырау, 28 қараша 01:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Тереза Мэй парламентке мерзімінен бұрын сайлау өткізуді ұсынды

2 390 просмотра


Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй (суретте) парламенттің қауымдар палатасын таратып, 8 маусымға мерзімінен бұрын сайлау белгілеу ниеті барын хабарлады. Бұл туралы Мэй Даунинг Стриттегі резиденциясында министрлермен кездесуінде жасаған шұғыл мәлімдемесінде айтты. Мэйдің сөзінше, бүгін кешірек ол парламенттен мерзімінен бұрын сайлау өткізуге дауыс беруді сұрамақ.

Бұған дейін үкімет 2020 жылға дейін сайлау өту ықтималдығын жоққа шығарып келген еді. Бірақ Мэй Ұлыбритания Еуропа Одағынан шығу туралы келіссөз бастаған уақытта елдің тұрақтылығын сақтау үшін жаңа сайлау өткізу қажет деген тоқтам жасағанын мәлімдеді.

2016 жылы маусымда Ұлыбритания тұрғындары Еуропа Одағынан шығуды өолдап дауыс берген. 29 наурызда Тереза Мэй елдің одақ құрамынан шығу келіссөзін бастайтыны туралы Брюссельді ресми түрде ескерткен.

Ұлыбританияда парламентке мерзімді сайлау 2020 жылы өтуі тиіс болатын.

Дереккөз: Азаттық

18 сәуір 2017, 17:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.