Атырау, 28 қараша 01:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Бішкек соты "билікті күшпен басып алу" ісі бойынша үкім шығарды

1 765 просмотра


Бішкектің Биринчи май аудандық соты саясаткерлер, "билікті күшпен басып алмақ болды" деп айыпталған Бектур Асанов, Кубанычбек Қадыров, Дастан Сарыгулов және Эрнест Карыбековке қатысты үкім шығарды деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз редакциясы.

Сотталушылардың адвокаты Азимбек Бекназаровтың Азаттыққа айтуынша, сот 17 сәуірде Эрнест Карыбековті 20 жылға, Бектур Асанов пен Кубанычбек Қадыровты 12 жылға, Дастан Сарығұловты 4 жылға, оның үш жылын шартты мерзімге соттаған.

Бекназаров сотталушылардың сот үкіміне апелляциялық шағым түсіретінін айтады.

Қорғаушылар сотталушыларды босатуды, мемлекеттік айыптаушылар оларды 12 жылдан 22 жылға дейінгі мерзімдерге бас бостандығынан айыруды сұраған.

Сотталушыларға қарсы іс қылмыстық кодекстің 27-бабы ("қылмыс жасауға дайындалу") және 295-бабы (билікті күшпен басып алу немесе билікті күшпен ұстап тұру") бойынша айып тағылған.

Созақ ауданының Қара-Дария ауылында Бектур Асановтың жақтастары наразылық шеруін өткізді.

Дереккөз: Азаттық

18 сәуір 2017, 10:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.