Атырау, 27 қараша 16:51
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

«Қара» керуендердің ақыры

3 237 просмотра


14-15
сәуірде Атырау облыстық ҰҚК департаменті ұзақ уақыт бойына жергілікті кеніштен мұнай ұрлауды кәсіп қылған ұйымдасқан қылмыстық топтың 14 мүшесін ұстады. Топ құрамында Қазақстан мен Ресей азаматтары бар. Олар 6 жүк көлігімен және жалған құжаттармен шекара арқылы 100 тоннадан астам «қара алтынды» әкетпек болған.

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің хабарлауынша, ҚР ҚК-нің 188-бабы («Ұрлық»), 196-бабы (« Көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктi иемдену немесе өткізу»), 197-бабы («Мұнайдың және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу»), 264-бабы («Трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ 

18 сәуір 2017, 00:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.