Атырау, 27 қараша 16:53
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Индерден бруцеллез шықты

4 328 просмотра

Индер ауданында сегіз ірі қарадан және 57 қой-ешкіден бруцеллез ауруы анықталды. Ауру алдын алу шаралары аясында малдан қан алу кезінде шығып отыр.  

Соның ішінде ауру Елтай ауылында көптеп кездесіп отыр. Индербор поселкесінен үш қой-ешкіден және бір ірі қарадан, Елтай ауылынан 31 бас қой-ешкіден және жеті ірі қарадан, Есбол ауылынан 23 қой-ешкіден бруцеллез шығып отыр. Одан бөлек, үш адам ауру жұқтырды деген күдіктілердің қатарына еніп отыр. 

Бүгінде аудан бойынша 6 955 ірі қара мен 23 277 қой-ешкіден қан сынамасы алынған. Алда әлі 18 967 ірі қара мен 128 523 қой-ешкі тексерістен өтуі тиіс.

- Ауру малдар тез арада оқшауланып, ірі қаралар мал сою пунктінде сойылды. Етін мал иесі өзі алып кете алады. Ал егер алмайтын болса, оны Атырау қаласындағы «Асыл-Агро» ЖШС-іне қайта өңдеуге жібереді, - дейді аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Сатыбалды ОРАЗҒАЛИЕВ. -  Биыл көзі жойылған мал үшін өтемақы төлеу ережесінде өзгеріс бар. Енді әрбір басқа төленетін ақының 30 пайызы бюджеттен, ал 70 пайызын «Асыл-Агро» ЖШС төлейді.

Өткен жылы ауданда үш ірі қара мен 158 қой-ешкіден бруцеллез анықталған болатын.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

17 сәуір 2017, 11:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.