16 сәуірде сағат 14-те кезекші ТЖД пультіне Сол жақ Перетаскадағы үйлердің бірінің ауласында қураған шөп пен қамыстың өртеніп жатқаны туралы дабыл түсті. Жел салдарынан өрт басқа учаскелерге де жайылған.
Нәтижесінде жеті сарай өртке оранды. Облыстық аурухананың хирургиялық бөліміне беті мен денесін 30 пайыз күйік шалған 50 жастағы ер адам жеткізілді. Өрт шалған жалпы алаң бір гектарды құрады.
ТЖД хабарлағандай, «өрт сөндіру қызметінің күшімен 19 тұрғын үй мен екі автокөлікті сақтап қалу мүмкін болған». Өрт сөндіруге 8 өрт сөндіру көлігі жұмылдырылды. Жалын сағат 17-де ауыздықталып, 20 минуттан соң сөндірілді.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ