Атырау, 28 қараша 01:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Британ депутаттары Асма Асадты Ұлыбритания азаматтығынан айыруға шақырды

2 089 просмотра


Ұлыбритания парламентінің депутаттары үкіметті Сирия президенті Башар Асадтың әйелі Асма Асадтан Сириядағы алты жылға созылған соғыста күйеуінің үкіметін қолдағаны үшін Ұлыбритания азаматтығын қайтарып алуға шақырды.

Парламенттегі либерал-демократ депутат Том Брейк 16 сәуірде Асма Асадты "тағылық режимді" қорғау үшін халықаралық профилін пайдаланып отыр деп айыптады.

Бұрынғы инвестициялық банкир Асма Асад Башар Асадқа 2000 жылы үйленген. Ол Лондонда сириялық отбасында туған.

"Борис Джонсон басқа мемлекеттерді Сирия дағдарысын реттеуде көп нәрсе жасауға шақырды. Бірақ Ұлыбритания үкіметі Асма Асадқа я тағылық актілерді қорғаудан бас тарт, болмаса азаматтықтан айырыласың деуі тиіс. Егер Асма Асад режимінің қырғын салуын қорғаштай берер болса, онда Ұлыбритания үкіметі оны азаматтығынан айыруы немесе оның қызметі Ұлыбританияның өмірлік мүдделеріне айтарлықтай зиян келтірмейтінін білдіруі тиіс" деді Брейк.

Консервативтік партия депутаты Надим Захави де үкіметке осындай үндеу тастады.

"Башар Асадтың, сонымен бірге әскери қылмыс жасайтын пропаганда машинасының бөлшегіне айналған Асма Асад сияқты адамдардың әрбір сәтін бақылап отыратын уақыт келді" деді Захави.

41 жастағы Асма Асад әлеуметтік желілерде күйеуінің үкіметін сынайтындарға соқтығуға пайдаланады.

Том Брейк ішкі істер министрлігіне Асма Асадты азаматтықтан айыруға шақырып ресми хат жолдайтынын айтты.

Дереккөз: Азаттық

17 сәуір 2017, 10:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.