1 сәуірден бастап қалалық білім бөлімінің жүйесіне кіретін балабақшалар үшін айлық төлемақы 2 мың теңгеге көтерілді. Енді ол 10 мың теңгені құрайды.
Қалалық білім бөлімінің басшысы Света АМАНШИЕВА негізгі себебі азық-түліктердің қымбаттауы, сонымен қатар, тамақтану нормаларының өзгеруі деп атады (енді балабақшаларда екінші таңғы ас қарастырылады). Оның айтуынша, бұдан бұрын қолданыста болған 8 мың теңге мөлшеріндегі төлемақы 2011 жылы бекітілген және қазіргі кезге дейін қайта қаралмаған, бірақ енді осы қадамға баруға тура келеді.
Негізінен балабақшаларда ай сайын белгіленген төлемақыны алады. Алайда кейбір балабақшалардың әкімшілігі ата-аналарға үнемдеуге көмектеседі. Бір айдағы жұмыс күндерінің санын есептеп, бір балаға арналған күн сайынғы ас мәзірінің іс жүзіндегі құнын әр күнге есептеу арқылы үнемделеді. Әр айда демалыс пен мереке күндерінің әртүрлі болатыны белгілі. Сонда бір айда тамақ үшін төлемақы 10 мың теңгеге, ал кей айда одан аз шығуы мүмкін.
Қалалық білім бөлімінің құзырында қазіргі кезде мектепке дейінгі 41 мекеме бар. Балабақшаларға 15 040 бала барады. 2017 жылғы 1 сәуірдегі ахуал бойынша балабақшадан орын алу кезегінде 2 жастан 6 жасқа дейінгі 7 286 бала кезекте тұр.
Тамара СУХОМЛИНОВА