Қазір ол ауруханада жан сақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің хабарлауынша, өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. Жарылыс болған кітапхана аумағы қоршауға алынып, тексеру жұмыстары жүріп жатыр.
Айта кеткен жөн, 3 сәуірде Санкт-Петербургте «Сенная площадь» және «Технологический институт» метро станциялары арасындағы туннельде жарылыс болған еді. Салдарынан 15 адам ажал құшқан.
Сергей Смирнов, куәгер:
- Қатты дауыс естідім. Сыртқа шықсам, бір топ адам жиылып қалыпты. Жерде жатқан жігіттің өн бойын қан жуып кеткен. Тіпті жарылғыш саусақтарын жұлып әкеткен.
Дереккөз: 24 Хабар