Атырау қалалық ІІБ мәліметтері бойынша, жыл басынан бері облыс орталығында «металл сынықтарын жинауға» байланысты 17 ұрлық орын алған.
Полиция қызметкерлері мемлекеттік кірістер департаментімен бірігіп, қара және түсті металл сынықтарын қабылдау қосындары бойынша рейд жүргізді. Тексеру жүргізілген 33 нысанның 18-інде рұқсат құжаттары болмай шықты. Олардың қожайындарына ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 204-бабы («Белгіленбеген орындарда сауда жасау») бойынша хаттама ресімделді. Ал қосындардың бірінен 25 наурызда Сәтпаев даңғылының бойындағы үйдің подъезінен ұрланған жылу радиаторлары табылды. Ұрланған батареяларды ПИК төрағасы таныды.
Облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ