Атырау, 5 желтоқсан 13:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

5 жасар қыз бала құдыққа құлап көз жұмды

4 229 рет қаралды

Сәуірдің 12-сі күні кешкілікте Қызылқоға ауданы Тасшағыл ауылында қайғылы оқиға орын алды.

5 жасар қыз бала үйдің ауласында ойнап жүріп, беті ашық жатқан ауыз су құдығына абайсызда құлап кеткен. Ересектер оның жоқтығын байқап, іздей бастаған кезде қыздың құдық суына тұншығып өлген жансыз денесін тауып алады.

Қызылқоға ауданы прокурорының орынбасары Серік ЖАҢАБАЕВ хабарлағандай, полиция аталған факт бойынша аудандық ІІБ тергеп-тексеру амалдарын жүргізуде.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

13 сәуір 2017, 11:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.