АҚШ мемлекеттік хатшысы Мәскеуге 11 сәуірде Италияның Лукка қаласынан ұшып барған. Тиллерсон Луккада "Үлкен жетілік" елдері сыртқы істер министрлерімен Сирия дағдарысын, оның ішінде Ресейдің Асадқа деген ұстанымын өзгерту жолдарын талқылаған. Тиллерсон Дамаскіні қолдау Мәскеудің стратегиялық мүддесіне сай келмейді деген.
АҚШ пен Батыс елдері 4 сәуірде Сирияның Идлиб провинциясында бейбіт халыққа химиялық қару қолданылып жасалған шабуылды Башар Асадтың билігінен көреді. 7 сәуірде АҚШ химиялық шабуылға жауап ретінде Сирияның әскери-әуе күштері орналасқан базаны зымыранмен атқылаған. Вашингтон химиялық қару қолданылған шабуыл осы базадан жасалған деген пікірде.
Дереккөз: Азаттық