Атырау, 27 қараша 18:01
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Депутатпен бірге кешкі барлау

Бейнежазба
2 832 просмотра


10 сәуірде қараңғылық түскен уақытта Самал мен Нұрсая ықшамаудандары химиялық препараттардың қышқылды иісі сезілетін түтін құшағында қалды.

Кешкі сағат тоғыздарда маған қалалық мәслихаттың экология мәселелері жөніндегі депутаттар комиссиясының төрағасы Сайын ШОМЫРОВ қоңырау шалып, қазіргі уақытта өзіне 5-ші шақырымнан таралып жатқан шығарындыларға қатысты тұрғындардан шағымдар түсіп жатқанын айтты.

Мұның қалалық қоқыс полигонындағы өрт еместігін нақты білемін. Ауаны қоқысты кәдеге жарату цехы бар West Dala ластап жатыр, - деп мәлімдеді депутат.

Бірнеше минуттан кейін біз онымен бірге көлікпен Махамбет трассасы жаққа қарай кеттік.

Жол бойында Атырау облыстық экология департаментінің зертхана басшысы Жолдасқали ТЕЛАҒЫСОВҚА қоңырау шалып, қызметкерін аспаппен West Dala цехына жіберуді өтіндім. Ол С.Шомыровтың өз басшылығына қоңырау шалғанын, бақылаушылар бригадасының сол жаққа аттанғанын айтты.

Неліктен біз бұл иіспен тыныстауымыз керек? – деп жол бойында С.Шомыров реніш білдірді. – Дәрігер ретінде айтарым: осы себепті қалада инсульттар мен артериялық қан қысымының көтерілу жағдайлары көбейіп отыр. Тыныс алатын ауа жоқ, сондықтан адамдар жайбарақат ұйықтай алмайды. Мені Атырау ықшамауданының тұрғындары депутат етіп сайлады, міне, сол тұрғындардан West Dala-ға қатысты бірнеше шағымдар түсті.

Сағат 21.30-да біз Махамбет трассасындағы West Dala компаниясының кешеніне жеттік. Кешен аумағының түкпіріндегі тұрбалардан қою түтін будақтап жатты. Көп көлемде қоқыс өртелетін пештің гүрілдеп жатқаны естіліп тұр. Бұл көріністі бейнежазбаға түсіріп алдым.

Дуал сыртынан күзетшілер көрінді. Олардың телефон арқылы өз басшылығына бөтен адамдардың жүргенін баяндап жатқаны естілді. Кешікпей кешен шуылын тоқтатып, түтін сейіле бастады. Апыр-ай, экология департаменті зертханасының қызметкері содан кейін жетті. Ол өзін Баубек ӘЛДЕШЕВПЫН деп таныстырып, өзінде газ анализаторы жоқ екенін, бірақ енді-енді әкеліне жатқанын хабарлады.

Бірақ «енді-енді» дегені бола қоймады, әр нәрсенің өз уақыты бар ғой.

Ал сол кезде түтін толықтай сейіліп қалды. Шомыров астрахандық трассадағы ауа сапасын тексеруді ұсынды. Сол жаққа қарай жел соғып тұрған еді. Сағат 22.10-да біз сол жерге бет алдық. Бұл жаққа газ анализаторын алып, экология департаментінің зертхана қызметкерлері де жетті-ау. Күкіртсутек концентрациясын, көміртек оксидін, көмірсу диоксидін, азот оксидін, азот диоксидін тексеріп шықты – нормадан асу жоқ екен. Нұрсая ықшамауданындағы ауаны тексерді – мұнда да осындай көрініс. Алайда ауадан әлі де жағымсыз иіс шығып тұрды.

Баспасөз үшін мәлімдеме жасайсыз ба? – дедім депутаттық комиссия басшысына қарап.

Қазір емес, – деп түнере жауап берді С. Шомыров.

Осылайша тарап кеттік.


Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ 

Бейнежазбаны түсірген автор

11 сәуір 2017, 15:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.