Атырау, 27 қараша 17:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Отты су ішіп, отандасын өлтірді

2 697 просмотра

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған соты мас күйде төбелесіп, отандасын өлтіріп қойған Өзбекстан азаматына үкім шығарды.

Екеуі де Атыраудағы бір құрылыс алаңында жұмыс істеген. Өткен жылдың 12 қарашасында ішімдік ішу кезінде олар керісіп қалып, төбелес басталған. Сөйтіп біреуі екіншісіне құрылыс қайшысымен бірнеше рет жарақат салып, ол сол жерде көз жұмған.

Сотталушы ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-тармағы («Адам өлтіру») бойынша кінәлі деп танылып,  қатаң режимдегі колонияда 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

7 сәуір 2017, 15:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.