Көрнекі сурет6 сәуірде түн ортасы шамасында Атырау-Индербор трассасының 45-ші шақырымында облыс орталығы бағытына қарай кетіп бара жатқан «Лада» көлігі жол бойына шыға келген жылқыға соқтығысты.
Апат нәтижесінде 47 жастағы жүргізуші, Атырау қаласының тұрғыны алынған зақым салдарынан сол жерде көз жұмды. 66 жастағы жолаушы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді. Тергеу жүргізілуде.