Атырау, 27 қараша 17:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Бизнесмендер көріпкел болудан бас тартады

3 485 просмотра
Көрнекі сурет

Қалалық ТКШ бөлімі көше жарықтандыру қызметін көрсету жөніндегі конкурс жеңімпазымен келісімшартты бұзды. Кәсіпкерлердің облыстық прокуратураның жалпы қадағалау бөлімінің бастығы Аршат ТАЙТУЛЛИНМЕН кездесуі кезінде «Тимакс Электро» ЖШС директорының орынбасары Сергей ЕРОФЕЕВ мұның заңсыз екенін мәлімдеді.

13 наурызда біз конкурста ұтып алып, бірден жұмысқа кірістік. Ал 29 наурызда ТКШ-ден олардың бізбен келісімшартты бұзатындығы туралы хат келді. Мәселе мынада, конкурс шарты бойынша біз диспетчерлік пунктке кеңсе орынжайын жалға алуға тиіс болатынбыз. Енді бізге құжаттарда осы орынжай қожайынының әйелінің келісімі жоқ деген кінә тағып отыр. Ол мүлік сатып отырған жоқ, жалға беріп отыр ғой! Енді біздің бәсекелестеріміздің бәріне біздің конкурста ұтып алған сомамыз белгілі болды. Оның үстіне, жаңа конкурсқа енді бізді жіберуі неғайбыл. Ал біз жұмыстардың бір бөлігін жасап қойдық, - деп наразылық білдірді С. Ерофеев. Оның ТКШ бөлімінің шешіміне қарсы дәлелдері өте негізді. Кәсіпкердің жақсы әзірленіп келгені сезіліп тұрды. Біріншіден, ерлі-зайыптылар – жалға алынатын пәтердің қожайындары оны сатып алмаған, жекешелендірген. Тиісінше, бұл олардың мүлкі емес, жалпы меншігі болып табылады. Ал бұл жағдай «Неке және отбасы туралы» ҚР Кодексінің талаптарына қатысты емес. Екіншіден, заңда пайдалану туралы келісімшарт жасау нотариалдық куәландыруды талап ететін келісімге жатқызылмаған. Үшіншіден, келісім бір жылдан аз уақытқа жасалған.  Мұндай жағдайда ол мемлекеттік тіркеуге тиесілі емес. Ал келісім міндетті нотариалды куәландыруға және мемлекеттік тіркеуге тиесілі болмағандықтан, оны жалға беру үшін мүліктің басқа меншік иесінің келісімі қажет емес.

Осының негізінде ЖШС прокуратураға шағым берді.

Өз кәсіпорнының проблемалары туралы «Тұз» ЖШС директоры Әбірбек ТОҚТЫБАЕВ әңгімеледі. 2011 жылы ЖШС «Бизнестің жол картасы - 2020» бойынша бизнесін дамыту үшін несие алған. Үш жыл оны кезең-кезеңмен төлеген. Ал 2014 жылы кеңейту шығындарының көбейіп кетуіне байланысты оның мерзімін ұзартуды өтінген.

- Сөз жүзінде мерзімін ұзартуға келісім алдық, ал іс жүзінде олай болмады. Енді сот орындаушылары 380 млн теңге төленбегені үшін миллиардтаған теңге тұратын ЖШС мүлігіне тыйым салып отыр. Міне, осындай сәйкессіздіктер бар. Активімізде миллиардтаған теңгенің мүлігі бар болып көрінеді, ал іс жүзінде оларды пайдалана алмай отырмыз. Оның үстіне, кәсіпорынды ұстау жөніндегі коммуналдық шығындарымыз бар, - дейді Ә.Тоқтыбаев.

- «ҚазТрансГаз Аймаққа» алдын ала төлем төлеуге қатысты мәселе шешілмей келе жатыр. Бір кездері оны алып тастады, кейін қайтадан қолдана бастады. Ал кем және артық тұтынуға қатысты айыппұлдар ше? Біз не, бір айға қанша газ қажет болатынын бал ашып білетін көріпкелміз бе?! – деп наразылық білдірді бизнесмендер.

Осы және басқа да мәселелерді Аршат Тайтуллин облыс прокурорына жеткізіп, бақылауға алатындығына уәде берді.

- Кәсіпкерлердің мемлекеттік органдардың өкілдерімен осы секілді кездесулерін мүмкіндігімізше түрлі мәселелерді бір блокқа біріктіріп, ай сайын өткізуді ұйғардық, - дейді кездесуден кейін өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Асылбек ЖӘКИЕВ. – Біздің ұсынысымызға алғашқы болып прокуратура келісті. Бүгінде біз көп жылдан бері шешімін таба алмай келе жатқан бірнеше мәселені қарастырдық. Бизнесмендер үшін жер алу мен телімдерді кеңейту, салық төлеу, ҚҚС, ҚҚС-ны қайтару, монополистермен қарым-қатынас проблемалары әр уақытта өзекті болып отыр. Біз қазір сайт жасаудамыз. Оған коммуналдық қызметтер өздерінің қосылу нүктелерін, жер бөлімі мен сәулет бөлімі – бос телімдерді көрсететін болады. Бұдан басқа, облыстық мәслихаттың жақында өткен сессиясында депутаттар біздің кәсіпкерлік орталықтарын құру туралы идеямызды қолдады. Мұнда бизнестің дамуына қатысты бүкіл мемлекеттік органдар бір терезе әдісі арқылы қызметтер көрсететін болады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

6 сәуір 2017, 17:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.